
23.11.2023 жылы Қаратау ауданы әкімі аппаратында аудан әкімі Р.Мүлкеманов пен Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары Әдеп жөніндегі уәкілі А.Исабекованың қатысуымен аудан тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық көмек көрсету мақсатында қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қоғамдық қабылдау барысында азаматтарға жылжымайтын мүліктерді тіркеу және алимент өндіру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шаралар тиісті мекеме басышларының қатысуымен алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіледі.