ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫ ҚАРҚЫНДЫЛЫҚ КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫ ҚАРҚЫНДЫЛЫҚ КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

Қаратау ауданы бойынша 48 455 жеке тұрғын үйдің сапалы ауыз сумен 83,3 пайызы, кесте бойынша 9,8, ал тасымал сумен 6,9 пайызы қамтылған.

Ауданда:
• «Асар-2», «Тассай» елді мекендерін ауыз сумен қамту жұмыстары аяқталып, тұрғындарға пайдалануға берілді;
• «Тұран» шағынауданы мен «Достық» тұрғын алабында абоненттеу жұмыстары жүргізілуде;
• «Достық» шағынауданында (2-кезек) құрылыс жұмыстары аяқталып, су есептегіш құралдары орнатылуда;
• «Нұртас» шағынауданының Жаңақұрылыс аумағын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекемелер анықталды. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы жүргізіледі;
• «Азат» шағынауданында қазіргі таңда жұмыстар толық тапсырылып, абоненттеу жұмыстары аяқталды;
• «Қайнарбұлақ» тұрғын алабы аумағын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында «МПК жоба» ЖШС-і тарапынан жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 20 жоба регламентке сәйкес 10 дауыстан жоғары балл жинаған. Осы ретте 18 жоба балалар ойын және спорт алаңшаларын салу болса, 2 жоба ирригациялық арық салуға жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы атқарылады.

Айта кетейік, биыл жеке меншік «Шым-фарм» 350 орын, «Отау-мед» 350 орын, «Атамекен» 30 мың адамға қызмет ететін 500 жатақ орны бар емхана пайдалануға берілді.