Қаратау ауданы әкімінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен есеп беру кездесуінде келіп түскен ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Қаратау ауданы әкімінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен  есеп беру кездесуінде келіп түскен ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

 

Р/с

Айтылған ескертулер,

ұсыныстар, сұрақтар/ Азаматтардың Т.А.Ә.

мекен жайы.

Орындалуы

Электр қуатымен қамтамасыз ету, жарықтандыру, трансформаторлар мәселелері

1

Таскен тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағында электр жарығы трансформаторы жеке меншікте. Ауа райының қолайсыз жағдайында  жарық жиі сөнеді. Сапалы электр жарығымен қамту мәселесі қашан шешіледі?

Мемлекеттік жарық қашан беріледі?

Салима (Targetolog_salima), Мөлдір(Mollybuk)-аудан тұрғындары

Таскен тұрғын алабындағы ескі электр жүйелері «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і тарапынан 2019-2020 жылдары инвестициялық бағдарламасы аясында жаңартылды және электр қуаты берілді.  Электр жүйелерінің құрылысы аяқталып, электр қуаты берілді.

2

«Мирас» шағынауданы Жібек жолы көшесіндегі электр жарығы трансформаторы қашан ауысады?

(Abdullaevmuradkh): Абдуллаев Мурадхан

87759247711

2023 жылы «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен инвестициялық бағдарламасы аясында жаңартылады.

3

Нұрсәт тұрғын алабы «Көркем гимнастика мектебі» жанындағы көп қабатты үйлерде ауа райының қолайсыздығы салдарынан электр жарығы жиі сөніп қалады. Жалпы электр жарығы бойынша сапасыз жұмыстар жүргізілген. Қашан реттеледі?

Арыстан (Arystan8963), Нұрхан (nurkhanaian) аудан тұрғындары

Қала аумағында шағын аудандар мен тұрғын алабтарда түрлі себептермен электр қуатының өшуі орын алуда:

-          Жоспарлы өшулер (жұмыс барысында адам өміріне қауіп төндірмеу мақсатында, жөндеу жұмыстары, қолданыстағы желілерді қиып өту т.б.);

-          Апатты өшулер (басым бөлігі жеке меншік электр желілерінде орын алуда, талапқа сай тартылмаған, ашық сымдар мен ағаш бағаналар арқылы жүргізілген, жел, жауын шашын кезінде желілер бір-бірімен айқасуы, үзілуі, жабдықтарының істен шығуы, одан бөлек жер қазба жұмыстары барысында байқаусызда жер асты кабельдерін үзуі, көлік құралының электр қондырғыларына, бағаналарына соқтығысуы, қалаға келетін жоғарғы кернеулі электр желілерінің өшуі және т.с.с).

Бүгінгі таңда,  Нұрсат тұрғын алабындағы электр желілеріне толық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде бірнеше жерасты резевтік кабельдері және бірқатар жабдықтар істен шыққандығы анықталды. Осыған байланысты, құрылысын жүргізген мердігер мекемелерінің, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і, «Куатжылуорталық-3» МКК мамандарымен қалпына келтіру жұмыстары жүргзілді.        

   4

«Қайнарбұлақ» саяжайының жаңақұрылыс аумағына электр трансформаторы қашан қосылады? Мемлекеттік жарық қашан келеді?

Меруерт (meruert.zhakan),

Ағадилов Ерғани (agadilovergani),

Гүлмира (Gumivipkz)

Айсулу Аширкулова (aisuluashirkulova),

Меруерт (meruertsyzdykova1986) аудан тұрғындары :

Қайнарбұлақ  тұрғын алабын cапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында жобалаушы мекеме «Береке» ЖШС-і тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 31.12.2019 жылы №LTD-0267/19 сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны 2,2 млрд. теңгені құрайды. Мердігер мекеме «Energo Group» ЖШС тарапынан маусым айында басталды. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2022 жылдың II тоқсаны. Жоба бойынша 2760 тұрғын үй электр қуатымен қамтылатын болады.

5

№192 орам аумағындағы көп қабатты үйлердің аумағында жарықтандыру қашан жүргізіледі?

(Missaid):

№192 орам аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларына жарық бағаналарын орнату «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік» аясында 2022 жылы  қаралатын болады.

Табиғи газбен қамтамасыз ету мәселелері

6

«Сайрам», «Тассай» елді мекендерін табиғи газбен қамту мәселесі қашан толық шешімін табады?

Атыкулова Айгуль, (A_atykulova82) 87012627396

Сайрам ауданы Тассай  бөлімшесі газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары 2019 жүргізіліп аяқталған.                                               Шымкент қаласының табиғи газ көздерінің қуаттылығы АГРС-1 «Шымкент», АГРС-4 «Шымкент» 180 000 м3/сағ құрайды. Жылыту маусымы басталған кезде қолданыстағы автоматтандырылған газ таратушы стансалары 100% жұмыс атқаруда. Табиғи және монополиялық субъектісі «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ШӨФ-ның мәліметіне сәйкес, табиғи газ бойынша қолжетімді қуаттарының болмауына байланысты, тұрғындарға, жеке кәсіпкер мен өндірістік мекемелерге техникалық шарттардың берілуі уақытша тоқтатылған

Шымкент қаласын сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, 250 000 м3/сағ құрайтын автоматтандырылған газ тарату стансасының (әрі қарай-АГРС-3) құрылыс жұмыстары «StroyGazCompany» ЖШС тарапынан жүргізілуде.

Қазіргі таңда, АГРС-3 нысанның техникалық құрал-жабдықтары орнатылып және құрылыс-монтаж жұмыстары 97%-ға орындалды. 2021 жылдың маусым айының соңына дейін АГРС-3 нысанның құрылыс жұмыстары 100%-ға орындалып, шілде айында іске қосу жоспарға қойылған.

               АГРС-3 нысан іске қосылған соң, қададағы әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік нысандар сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етіледі.

7

«Қайнарбұлақ» саяжайының қалаға қосылғанына бірнеше жыл болды. Алайда қазіргі күнге дейін газ жүйесіне қосылмаған. Газ мәселесі қашан шешіледі?

Гүлмира (Gumivipkz),

Нагима Нурмахан (nurmakhannagima),

(nara.kan),

Айсулу Аширкулова (aisuluashirkulova),

 Өскенбай Сегизбай:

«Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шарушылық басқармасы» ММ-і тапсырысымен, Қайнарбұлақ тұрғын алабын табиғи газ және ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, жобалаушы мекеме «МПК-Проект» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

2021 жылы жобалау жұмыстарын аяқтап, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджетке қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.

 

Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері

8

Қайырлы күн! «Қайнарбұлақ» саяжайының жаңақұрылыс аумағына қашан ауыз су беріледі?

Айсулу Аширкулова (aisuluashirkulova):

nara.kan,

«Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шарушылық басқармасы» ММ-і тапсырысымен, Қайнарбұлақ тұрғын алабын табиғи газ және ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, жобалаушы мекеме «МПК-Проект» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

2021 жылы жобалау жұмыстарын аяқтап, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін бюджетке қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.

 

Кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету мәселелері

9

«Нұртас» шағынауданына қашан орталық кәріз жүйесі жүргізіледі?

Авган казан (Afgankazan_shymkent) 87021001188

«Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-і тапсырысымен, жобалаушы мекеме «Береке» ЖШС тарапынан, «Шымкент қаласы «Нұртас» шағын ауданындағы кәріз жүйелерінің құрылысы» нысаны бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Жоба ағымдағы жылдың маусым айының соңында сараптама қарауына жолданып, тамыз айында сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарлануда. 2021 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік тапсырыс берілетін болады.

Балалар ойын, спорт алаңшаларын орнату, аулаларды абаттандыру мәселелері

10

№192 орам аумағындағы көп қабатты үйлердің аумағында балалар алаңшасының құрылысы қашан жүргізіледі?

(Missaid):

«Тұран» шағынауданы №192 орамдағы көпқабатты үй аулаларына мемлекеттік актілері алынып, сметалық құжаттамалары әзірленді. Қазіргі таңда «Тұран» ш/а №959/1,2,3,4,5,6,17, 359/7,8,9,10,11,13,14,16 және №979/9, 979/11,  979/15, 979/16, 979/17, 979/18, 979/19 көп қабатты үйлер ауласына балалар ойын алаңшасы мен жаттығу тренажерларын орнатуға бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Құрылыс жұмыстары мердігер мекеме анықталуына орай атқарылатын болады.

11

Аудандағы балалар ойын алаңшалары дұрыс салынбаған.

Бюджеттен арнайы қаржы қарастырылғандықтан, неліктен сапалы жұмыс атқарылмайды?

(Gul.jan8283)

Қаратау аудан әкімі тарапынан 2020 жылы 65 аулаға абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, комиссиялық құрамда пайдалануға қабылданған. Комиссия құрамына депутаттар, қоғамдық ұйым мүшелері мен үй басқарушылары және т.б енгізіліп, атқарылған жұмыстардың сапалы және талапқа сай болуы қатаң бақылауға алынған.  

Нысан құрылысының кепілдік құжаттары аясында (3 жыл мерзім) балалар спорт және ойын алаңшаларын пайдалану кезінде орын алған кемшіліктерді ретке келтіру бақылауға алынған.

12

«Нұртас» шағынауданы көлдің жанындағы үйлердің аумағына балалар ойын алаңшасын орнатып берсеңіздер:

Алмаханбетова Анара (Aalmahanbetovaan)

Аудан әкімінің қызметкерлері тарапынан балалар ойын алаңшасын салу мақсатында «Нұртас» шағынауданындағы бос жер телімдеріне зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Бос жер телімі анықталысымен балалар ойын және спорт алаңшасын салу жоспарға енгізіледі.  Заңда қарастырылған тәртіппен «Қаратау ауданы әкімі аппараты» ММ тарапынан жер телімін рәсімдеу, сметалық құжаттамалар әзірлеу қолға алынады.

 Сонымен қатар, «Нұртас» шағынауданы №85 мектеп жанынан көпфункционалды спорт алаңшасы салу мақсатында бюджеттен тиісті қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.                                                          

13

«Тұран» шағынауданындағы  5 қабатты үйлердің ауласын жақсарту жөнінде ЖСҚ әзірленді ме? Заманауи балалар ойын алаңшасы мен арнайы спортпен шұғылданатын алаң қашан орнатылады? Қажетті қаржы мөлшері қарастырылды ма?

Манкараева Райса (Raisamankaraeva2)

«Тұран» шағынауданы №192 орамдағы көпқабатты үй аулаларына мемлекеттік актілері алынып, сметалық құжаттамалары әзірленді. Қазіргі таңда Тұран ш/а №959/1,2,3,4,5,6,17, 359/7,8,9,10,11,13,14,16 көпқабатты үйлер ауласына балалар ойын алаңшасы мен жаттығу тренажерларын орнатуға бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Құрылыс жұмыстары мердігер мекеме анықталуына орай атқарылатын болады.

Жол құрылысы, жөндеу, асфальттау шағал тас төсеу мәселелері

14

«Қайтпас» шағынауданындағы көшелер жақында асфальттанса да тозып жатыр. Сонда  бұл жолдың сапасыз жасалғаны ма?

Сонымен қатар,  Ш.Көшеров көшесіне ирригация  орнатылды. Алайда, жаңадан асфальт төселмеді және бордюр қойылмады. Бұл мәселе қашан шешіледі?

Исатай Мамбетов,87028157902; Наушабаева Ұлжан (Ulzhanaushabaeva)

С.Көшеров көшесінне 2.8 шақырым ирригациялық арық орнатылып,  шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілді. Жобада асфальт және жиектас (бордюр) салу қаралмаған.

15

«Азат» шағынауданы Аққанат көшесінің жолын асфальттау  қашан бітеді?

Нурлыбек Сулейменов (Nurlybek19780128)

Шымкент қаласы Қаратау ауданы, «Азат» шағын ауданы Аққанат көшесінің күрделі жөндеу жұмыстары 2018-2021 жылдарға жоспарланған. Аталған көше жұмыс кестесі бойынша ағымдағы жылдың қараша айында аяқталатындығын хабарлаймыз.

 

16

Достық тұрғын алабы Ынтымақ көшесі саз балшыққа айналуда. Техникалармен тиісті жұмыстар жүргізілсе екен.

Таймураз Шимбулатов  (Tomos.88)  87077606688

Шымкент қаласы Қаратау ауданы, Достық тұрғын алабының Ынтымақ көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттама әзірленіп, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2021-2025 жылдар іс-шарасына сәйкес, аталған көшелерді орташа жөндеу жұмыстары 2025 жылдың жұмыс жоспарына енгізілгендігін хабарлаймыз.

 Жұмыстар бюджеттен қаржы қаралған жағдайда атқарылатын болады.

 

17

«Достық» шағынауданы аумағында (автоцон) балабақша орналасқан. Жол мәселесінің қиындығынан балабақшаға бару қиындық туындатып отыр. Осы мәселе шешімін тапса екен.

Занат (Zanatkoblanova, Aigooni,

«Достық» шағын ауданындағы балабақша орналасқан Жаңақұрылыс-1 көшесін Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға бекітілген жол жөндеу іс шарасы жоспарына сәйкес, 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарын атқару жоспарланған.

18

Тассай тұрғын алабында көшелеріміз қопарылып жатыр. Былтыр күзде басталған, алайда қараусыз қалды. Е.Болғанбаев және Қ.Мұңайтпасов көшелері қашан асфальттанады?

Канжигитова Шуга (Shuga_kanzhigitova),

Kira_jani:

Шымкент қаласы Қаратау ауданы, Тассай тұрғын алабы Е.Болғанбаев көшесін орташа жөндеу жұмыстары ағымдағы жылы жүргізілген.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы Қаратау ауданы, Тассай тұрғын алабындағы Мұңайтпасов көшесінде Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан кәріз жүйесін жүргізу жұмыстары атқарылуда. Осыған орай, аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін Мұңайтпасов көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары атқарылатындығын хабарлаймыз.

 

19

«Нұртас» шағынауданындағы  көл жанындағы үйлердің қасына көше түспеген. Осы мәселені ретке келтіруді қарастырсаңыздар.

Сонымен қатар, Ойтоған көшесін асфальттау қашан жүргізіледі?

Алмаханбетова Анара (Aalmahanbetovaan),

Шокан Жанабилов (Zhanabilov_shokan) аудан тұрғындары:

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Нұртас» шағын ауданы Ойтоған көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылы жүргізілгендігін хабарлаймыз.

 

20

Сайрам, Тассай елді мекені  №91 ЖОББ мектебіне қаладан келіп жұмыс істейтін болғандықтан осы елді мекендегі Ю.Сареми көшесі мен «Қазақстан» тойханасы аралығындағы жолын жөндетіп берсеңіздер.

Атыкулова Айгуль (A_atykulova82) 87012627396

Шымкент қаласы Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабының Ю.Сареми көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттама әзірленіп, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2021-2025 жылдар іс-шарасына сәйкес, аталған көшелерді орташа жөндеу жұмыстары 2022 жылдың жұмыс жоспарына енгізілгендігін хабарлаймыз.

Жұмыстар бюджеттен қаржы қаралған жағдайда атқарылатын болады.

 

  21

«Шым-Ситидегі» жолдар қашан ашылады?

Индира Салимбай (salimbaiindira)

Шымкент қаласының құрылыс басқармасының тапсырысымен «Шымкент-Сити» шағын ауданы 7 көшенің құрылысы іске асырылуда. Оның ішінде, 5 көшенің құрылысы 2020 жылы желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға тапсыру актісімен қабылданды, қалған 2 көшенің құрылысын ағымдағы жылдың мамыр айында пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Бүгінгі таңда, пайдалануға тапсырылған көшелердің тиісті құжаттары рәсімделуде. Құжаттар толық рәсімделіп болғаннан кейін, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының  меншігіне берілетіндігін хабарлаймыз.

22

Қайнарбұлақ саяжайында және жаңақұрылыс аумағының жол мәселесі қашан шешіледі?

Гулмира (Gumivipkz), Меруерт (meruertsyzdykova1986)

аудан тұрғындары:

Қайнарбұлақ саяжайында және жаңақұрылыс аумағының жолдарында орташа жөндеу жұмыстары Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2021-2025 жылдар іс-шарасына сәйкес кезең-кезеңімен атқарылуда.

23

«Ақжайық» шағынауданы жолдары қашан жөнделеді?

Эльмира (elmirakuandykova725)

Ағымдағы жылы «Ақжайық» шағын ауданына қарасты Қаламбаев, Қырғызбай, А.Спанов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары атқарылады. Сонымен қатар, Изен, Меңдешов, Ырысты, Ибрагим Қажы көшелерінде күрделі жөндеу жұмыстары атқарылады. «Ақжайық» шағын ауданына қарасты қалған көшелерде Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға бекітілген жол жөндеу іс -шарасына сәйкес кезең- кезеңімен атқарылатын болады.

«Ақжайық» шағын ауданының жолдарында орташа жөндеу жұмыстары Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2021-2025 жылдар іс-шарасына сәйкес кезең-кезеңімен атқарылуда.

24

Сайрам тұрғын алабындағы Улугбек көшесіне  асфальт төсеу жұмысы қашанға жоспарлануда?

Эркин Мирахмедов (erkinmirakhmedov)

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабындағы Улыгбек көшесінде орташа жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айында аяқталатындығын хабарлаймыз.

25

Тассай тұрғын алабындағы көшеміз қопарылып жатыр. Былтыр күзде басталған, алайда қараусыз қалды. Ешқандай түсіндіру жұмыстары жүргізілген жоқ.  Сондай-ақ, Қ.Мұңайтпасов көшелері қашан асфальттанады?

Kira_jani

Шымкент қаласы Қаратау ауданы, Тассай тұрғын алабындағы Мұңайтпасов көшесінде Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан кәріз жүйесін жүргізу жұмыстары атқарылуда. Осыған орай, аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін Мұңайтпасов көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары атқарылатындығын хабарлаймыз.

Аяқжол (тротуар) құрылысы және жөндеу мәселелері

26

«Ақжайық» шағынауданындағы Сырым батыр көшесіне, Көкшетау көшесіне аяқжол /тротуар/ жасап берсеңіздер?

Ainura_261283:

Шымкент қаласы Қаратау ауданы, «Ақжайық» шағын ауданы, Көкшетау көшесіне аяқжол салу жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттама әзірлеуге тапсырма берілетін болады. Сметалық құжаттама әзірленгеннен соң,  Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға бекітілген бюджет жоспарына сәйкес, аяқжол салу жұмыстарына қаржы бөлуге өтінім беріледі. Жұмыстар бюджеттен бөлінген қаржы аясында атқарылатын болады.

Жол белгілерін, бағдаршам орнату мәселелері

27

«Шымсити» аумағына қашан бағдаршам қосылады?

Гульсим (gulsim7721)

«Шымкент сити»  көшелеріне бағдаршамдардың электр көзі болмауына байланысты, қосу мүмкіндігі болмауда. Алдағы уақытта «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы аяқталған жағдайда, бағдаршамдарды іске қосу мүмкіндігі болатынын хабарлаймын.

Қоғамдық көліктерді жүргізу, аялдамаларды орнату мәселелері

28

«Қайтпас» шағынауданындағы Ш.Көшеров көшесімен жүретін №17 автобус  неліктен жүргізілмей қалды?

Исатай Мамбетов:

87028157902

Жолаушылар ағынының төмен болуын байланысты №17 шағын автобус маршруты өз жұмысын 2020 жылы тоқтатты. Бүгінгі таңда, Көшеров көшесі арқылы №103 және №57 автобус машруттарының жұмысы сиымдылығы үлкен автобустармен ұйымдастырылды.

29

«Азат» шағынауданы № 182 маршруты жаңақұрылыс аумағына дейін жүргізілсе екен деген ұсыныс бар.

Сабитова Әлия (Sabytoba) 87058531486

№182 автобус маршрутының сызбасы жаңа құрылыс аумағына дейін ұзартылды.

30

Тассай тұрғын алабындағы  Ақсүмбе көшесінен жүретін автобусқа жанама қосса немесе №10 автобустың бағыты әрі қарай созылса екен( «Айжан ана» аялдамасы арқылы қайта жүргізілсе екен). «БИІК» спорт кешенінен қайту барысында  №44 автобустың  жүру уақыты аралығын жиілетсеңіздер немесе үлкен автобус шығарылса екен. Осы қоғамдық көлікпен қамту мәселесі ретке келтірілсе екен...

Раушан Малик (Raushanmalik2017),

Шуйнбаев Руслан (Shuinshbaevruslan) 87024443309

Kira_jani,

 

Ақсүмбек көшесі арқылы қатынайтын №44 маршрутында сиымдылығы үлкен автобустардың жұмысы ұйымдастырылды және қозғалыс интервалы азайтылды. Сонымен қатар, Ақсүмбек көшесі арқылы №114 және №15 автобус маршруттарының жұмысы ұйымдастырылды.

31

№125 ЖОМ, №70  маршруттар жүргізілсе екен...

Сапаркуль  (Saparkul347)

№125 орта мектебіне дейін қатынайтын №2 автобус маршрутының жұмысы ұйымдастырылды.

32

«Сайрам» тұрғын алабы Улугбек көшесіне  асфальттың төселуі қашанға жоспарлануда?

Зарипбай Хавазметов (zaripbaikhavazmetov)

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабындағы Улыкбек көшесінде орташа жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айында аяқталатындығын хабарлаймыз.

33

«Тұран» шағынауданы  қоғамдық көліктермен қашан қамтылады?

Мусирова Алия (musirova_aliya?)

№17 маршурты «Тұран» шағын ауданына қатынап, жолаушыларға қызмет көрсетуде.

34

Маршруттарды реттеу керек.  «Тассай» тұрғын алабындағы автобустарды ретке келтіру керек.

Сонымен қатар, №92 маршруттың жүру жолын №85 мектепке дейінгі бағытқа ұзартсаңыздар екен?

Арайлым  (arailymo5)

Kira_jani,     

 «Тассай» тұрғын алабына №44, №114, №15 автобус маршруттары қызмет көрсетуде.

№85 орта мектепке дейін №10, №15, №114 автобус маршруттары қатынауда.

Мектеп, балабақша және т.б. әлеуметтік нысандар құрылысы мәселелері

35

Сайрам тұрғын алабындағы мектептің құрылысы қашан бітеді?

Зарипбай Хавазметов  (zaripbaikhavazmetov)

«Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабы аумағында орналасқан: Жалпы алаңы 3,5 га өз жер учаскесінде бастауыш 10 сыныпқа 120 орындық қосымша құрылысы» және «Шымкент қаласы, Сайрам шағынауданындағы 300 орындық мектептің құрылысы» нысандарын ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Жер, тұрғын-жай, заңсыз құрылыс (құжаттарды заңдастыру және т.б.) мәселелері

36

Бозарықта  көлемі 5 га шаруа қожалығына арналған жер телімім бар. Сол аумаққа көп қабатты үй салынайын деп жатыр екен. Менде 1 000 алма ағашы және 1 200 жүзім ағашы бар.

Осы мәселені толық баяндап берсеңіздер?

Нуржан Ауесканов (Nurzhanaueskhan)

Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан хатыңызда көрсетілген азамат Нуржан Ауескановтың сұрағында аталған жер учаскесінің кадастрлік нөмірі, координаттары немесе ситуациялық сұлбасы ұсынылмағандықтан, Шымкент қаласының Бас жоспары және аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес толық мәлімет ұсынуға мүмкіншілік болмауда.

            Осыған орай, жер учаскесінің кадастрлік нөмірі, координаттары немесе ситуациялық сұлбасы ұсынылған жағдайда, басқарма тарапынан тиісті мәлімет берілетінін хабарлаймыз.

 

Тұрғын үйді жаңғырту, тұрғын үй беру, тұрғын үй кезегінің мәселелері

37

Көпбалалы отбасыларға қашан үй беріледі?

Тасыбевова Жұлдыз (Zhuldyztasybekova)

Бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасыға ағымдағы жылдың I тоқсанына 378 пәтер жоспарланып, оның 148-і  пайдалануға берілді. Алдағы уақытта тұрғын үйлердің тапсырылуына орай, тұрғын  үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қамту жұмыстары жүзеге асырылатын болады.

38

Үй кезектері қашан жылжиды екен? Үйге кезекке тұру тәртібі қалай жүргізіледі?

Ханзада Динара  (xan.dinara,)

Меруерт (meruert.zhakan)

 

Тұрғын үй кезегі азаматтар тұрғын үймен қамтылған немесе түгендеу жұмыстары жүргізілген жағдай кезек жылжиды.

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабының талаптарына сәйкес белгіленген санаттардың біріне енуі, азаматтың тұрғылықты мекен-жайы соңғы үш жыл көлемінде Шымкент қаласында болуы және иеліктеріңізде соңғы бес жыл көлемінде тұрғын үй тіркелмеуі шарт.

Кезекке тіркелу үшін келесі санаттардағы азаматтар өтініш білдіре алады:

1)      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

2)      жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3)      халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы;

4)      мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және  әскери қызметшілер;

5)      жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар

6)      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

Жоғарыда көрсетілгендер негізінде аталған шарттарға сәйкес келген жағдайда, тұрғын үй алу тізіміне тіркелу үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы тиісті құжаттарымен баруына немесе «e-gov» электрондық порталы арқылы тапсыруына болатындығын хабарлаймыз.

Кәсіпкерлік, бизнес жөніндегі мәселелер

 39

 Сайрам тұрғын алабындағы  шәйханаларда қашан тазалық болады?

Азиз (010aziz)

ҚР Президентінің 26.12.2019 жылғы №229 «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауға барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығының (ары қарай-Жарлық) 1-тармағында шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне 2020 жылдың 1- қаңтарынан бастап тексеру тоқтатылсын делінген. Жарлықтың 1-тармағы 1-тармақшасында халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке ықтимал түрде жаппай қатер, конституциялық құрылысқа және ұлттық қауіпсіздікке тура немесе тікелей қатер төндіретін бұзушылықтарды болдырмауға немесе жоюға бағытталған, сондай-ақ «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 04.07.2003 жылғы ҚР Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізілетін тексерулер деп көрсетілген, осы негізге сай шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (объектілеріне) жоспардан тыс тексеру жүргізу мүмкіндігі жоқ. Алайда, Сайрам тұрғын үй алабында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарына басқарма мамандарының қатысуымен тұрақты түрде санитариялық ағарту жұмыстары жүргізілуде.

Қоғамдық қауіпсіздік, төтенше жағдай, бейнебақылау камераларын орнату мәселелері

40

№85 ЖОББМ оқушыларымыздың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектеп жанындағы жолға сергек камерасын орнатуыңызды сұранамыз?

Аманкул Ибрагимова (Amankul_ibragimova)

Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы, Шымкент қаласының полиция департаменті қала аумағын бейнебақылау камераларымен қамту бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім енгізгенін хабарлайды.

Аталған бюджеттік өтінім, Шымкент қаласының  әкімшілік полиция департаментімен бекітілген мекен-жай бағдарламасын қамтиды. Өтініште сұратылған №85 жалпы орта білім беру мекемесінің маңына интелектуалды бейнебақылау камерасын орнату жоғарыда аталған мекен-жай бағдарламасында бар.

Осыған байланысты кезекті мәслихат сессиясында тиісті қаражат бөлінген жағдайда өтініште сұратылған №85 жалпы орта білім беру мекемесінің маңына интелектуалды бейнебақылау камералары орнатылатын болады.

Басқа мәселелер

41

«Шымсити» аумағындағы үйлерге ыстық су мәселесін шешіп беріңіздер:

Салтанат Сырбаева  (Shym_cakes_ssk) 87719600678

«Шымкент сити» шағын ауданындағы №11,12,13,14,15,16,17,18,19,20,21 тұрғын үйлердің мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысымен бекітілген жобасында ыстық су жүйесі қарастырылмаған. Оның орнына әр пәтердің ішінде электр қуатымен қамтамасыз етілетін мұздай суды жылытатын «Аристон» құрылғылар қарастырылғанын хабарлаймын.

42

№85 мектеп жанындағы қаңғыбас иттерге қатысты мәселені шешіп беруіңізді сұраймын:

Gulnaz20084.gs

Басқармаға қарасты «Ветеринариялық қызмет» МКК-ның арнайы ит аулау бригадасы, Қаратау ауданы,  «Нұртас» шағын ауданы, Қ. Патеева көшесі,                          14/4 Х. Әлімжан атындағы №85 жалпы орта мектебі жанынан  3 бас қаңғыбас иттерді аулап, уақытша оқшаулау орталығына жеткізді.

Аталған мекен-жай бойынша қаңғыбас ит-мысықтарды тұрақты түрде аулау бойынша «Ветеринариялық қызмет» МКК-на тапсырма берілді және де басқарманың қатаң бақылауында болатындығын мәлімдеймін.

 

43

«Тұран» шағын ауданын дамыту, өзекті мәселелерін толығымен шешу қашан жүргізіледі?

Манкараева Райса (raisamankaraeva2)

Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша:

Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан, «Тұран» шағынауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылы 2 нысанның құрылыс жұмыстар жүргізілуде.

1. «Тұран» шағынауданын ауыз сумен қамтамасыз ету (1-кезек)». Нысанның құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталып, 2021 жылы аяқтау жоспарланған. Мердігер мекеме «Үшсай» ЖШС.

2. «Шымкент қаласында, Көмешбұлақ су жинақтаушысынан, «Тұран» шағын ауданы айналма жолына дейінгі, диаметрі 920х10 мм ұзындығы 4,48 км құрайтын 2 ниткалы суаққы құрылысы». Құрылыс 2020 жылдың мамыр айында басталды, құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2021 жылы аяқтау жоспарлануда. Мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС.

Жоғарыда аталған 2 нысанының құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде, «Тұран» шағын ауданы толыққанды, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Кәріз жүйесімен қамтамасыз ету бойынша:

«Тұран» шағын ауданының ішкі магистралдық кәріз жүйесінің құрылысы мердігер мекеме «Газовое Хозяйство Шымкентгаз» ЖШС жүргізетін болады.

Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы басталса,  2022 жылы аяқтау жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, «Тұран» шағын ауданының тұрғындары орталықтандырылған  кәріз жүйесімен қамтамасыз етілетін болады.

Табиғи газбен қамту бойынша:

Аталған шағын ауданды магистралды табиғи газ жүйесімен қамтамасыз ету үшін, «Шымкент қаласының, «Тұран» шағын ауданында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу (Газбен жабдықтау желілері. Құрылыстың-1кезегі)» нысанының құрылыс-монтаждау жұмыстары мердігер мекеме «StroyGazCompany» ЖШС тарапынан жүргізіліп, құрылыс жұмыстары аяқталды.

            Сонымен қатар, басқарма тапсырмасымен, «Тұран» шағын ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, жобалаушы мекеме «Әсем Құрылыс» ЖШС тарапынан «Шымкент қаласы, «Тұран» шағын ауданында инженерлік коммуникациялық жүйелердің құрылысы (газбен жабдықтау) 2 кезек» жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жұмыстарын бастауға қаржы бөлу үшін, бюджеттік өтінім берілді. Қаржы бөлінген жағдайда құрылыс монтаждау жұмыстары басталатын болады.

Шымкент қаласының энерегетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тапсырысымен,  Шымкент қаласы «Тұран» шағын ауданын табиғи газбен (3-кезек) қамтамасыз ету мақсатында жобалау сметалық-құжаттамасы әзірленуде. Жобалаушы мекеме – «Асем Құрылыс» ЖШС.

            Ағымдағы жылдың шілде айында сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарлануда. Сараптама қорытындысын алынған соң құрылыс монтаж жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік ұсыныс беріледі.

Электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша:

Тұран шағын ауданын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында басқарма тарапынан, жобалаушы мекеме «Әсем Құрылыс» ЖШС-мен 2 кезеңнен тұратын: 1-кезең 10 кВ магистралдық желілер, 2-кезең 0,4 кВ ішкі электр желілерінің  жобалау сметалық құжаттамасы әзірленді. Оның ішінде: 1 кезең бойынша 10 кВ магистралдық электр желілері, электр тарату бекеттерінің құрылысына бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаржы қаралған  (жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайды). Ал, 2-кезең 0,4 кВ ішкі электр желілерінің  құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылады. (жалпы құны 1,3 млрд.тг). Құрылыс жұмыстарын жүргізу мерзімі: 2021-2022 жыл     3-тоқсан.

44

«Тұран» шағынауданындағы автотұрақ /парковка/

мәселесі қашан шешіледі?

Манкараева Райса (raisamankaraeva2)

«Тұран» шағынауданындағы аулаларды абаттандыру жобасымен автотұрақтарды кеңейту жұмыстары қолға алынатын болады.

       

Аудан әкімі орынбасарлары:

  1. Бекназаров Ерлан Нурланович
  2. Парманов Азамат Бухарбаевич
  3. Тажибаев Марат Абдимажидович

 

Аппарат басшысы:

  1. Абдраманов Олжас Кайыргалиевич