Егерде азаматтардың БЖЗҚ

Егерде азаматтардың БЖЗҚ
  1. Сұрақ: Егерде азаматтардың БЖЗҚ – да зейнетақы шоты болмаса қайда жүгінуі керек?

                  Жауап: 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға, оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына (ҚР 26.12.2018ж. №203-VI Заңы) тиісті өзгерістер енгізілді. Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректері (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

Сонымен қатар 2021 жылдың 1 мамырынан бастап ерікті зейнетақы жарналарын есепке алатын шоттар да автоматты түрде ашылатын болды. Енді ерікті жарналар бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашуға БЖЗҚ-ға түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы (ЕЗЖ) негіз болып табылады. ЕЗЖ салымшының – жеке тұлғаның өз кірісінен өзінің пайдасына аударған сомасы не салымшының (жеке немесе заңды тұлғаның) алушының пайдасына аударған сомасы болуы мүмкін. Бұл ретте жарналардың мөлшері мен мерзімділігін салымшы өзі айқындайды. Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) не «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы аударуға болады. Екінші деңгейдегі бірқатар  банктер ЕЗЖ-ны онлайн (мобильді қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары) арқылы аударуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, өз пайдасына ЕЗЖ жарналарын тұрақты аудару үшін жұмыс берушінің атына өтініш жазуға да болады. Соның негізінде жұмыс беруші ЕЗЖ-ны өтініш иесінің не үшінші тұлғаның пайдасына  БЖЗҚ-ға тұрақты түрде аударып отырады.

Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалды.

  1. Сұрақ: Шоттар автоматты түрде ашылғаннан кейін, қанша зейнетақы түсіп жатқанын және қанша сомма жиналғанын азаматтарымыз қалай біле алады?

                  Жауап: Назар аударыңыздар! Зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылған салымшылар зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты электронды форматта (компьютер, смартфон арқылы) алулары үшін салымшы міндетті түрде Қордың кез келген бөлімшелеріне келіп,  Қормен келісім шарт жасасып, жасалған келісім шартта интернет-ақпараттандыру тәсілін таңдауы қажет. Келісім шартқа өзгеріс енгізілгеннен кейін ғана салымшыларға интернет арқылы Қор сайтында тіркеліп, жеке кабинет немесе ұялы қосымша арқылы өз шоттарын Қор кеңселеріне бармай ақ бақылап, қадағалауларына мүмкіндік беріледі.

Смартфон немесе планшетіңіздегі қажетті тетіктерге бірнеше рет басу арқылы сіз жеке зейнетақы шотыңыздан үзінді көшірме ала аласыз, зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, келісім шарттардың деректемелерін және тағы басқа да ақпараттарды көре аласыз. Ұялы қосымшада ЖСН мен парольді енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану тәсілдерін қолдану арқылы тиісті ақпараттарды алуға болады. ЖСН логин ретінде Қордың деректер базасында тіркелуі тиіс. Ақпараттандыру тәсілін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетте немесе Қордың кез-келген кеңсесіне барып Қормен жасалған келісім шартта көрсетілген тәсілді өзгерту арқылы қол жеткізуге болады. Жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы үзінді көшірмені БЖЗҚ кеңселерінің біріне жеке хабарласу және онлайн түрінде алуға болады. Үзінді көшірмені кеңсеге өзіңіз барып алғыңыз келсе, жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды ұмытпаңыз. Алайда, елімізде орын алған шектеу шаралары жағдайында кеңсеге бару үшін, алдын ала жазылуыңыз қажет. Ол үшін БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы «Байланыстар» бөліміне өтіп, қажетті бөлімшенің кезекші мамандарына хабарласқаныңыз жөн.

                Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), сондай-ақ, www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-боттары арқылы және Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан зейнетақы жүйесіне қатысты түрлі кеңестер ала алады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 1 триллион теңгеге ұлғайды

 

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,6 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.05.2020 жылдан бастап 01.05.2021 жылға дейін зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 1 триллион теңгеге немесе 8% өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,3 трлн теңге (жыл ішіндегі өсім – 8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 319,3 млрд теңге (өсім 17%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,3 млрд теңгеге  (өсім 10%) жетті.

2021 жылдың төрт айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көбірек қаражат салған. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемі шамамен 412,8 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 65,7 млрд теңгеге немесе 19%-ға асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,5%-ын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды, олардың сомасы – 394,1 млрд теңге (өсім 19%), МКЗЖ бойынша 18,5 млрд теңге (өсім 14%) түсті, ЕЗЖ бойынша 216 млн теңге (өсім 90%) аударылды.  

Зейнетақы жинақтарының өсуі 2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 мамыр аралығында 475,8 млрд теңгені құраған таза инвестициялық табыстың арқасында орын алды. БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бастап 1 мамырға 3,8%, инфляция 2,7% құрады. Соңғы 12 айдағы кірістілік 9,8%, осы кезеңдегі инфляция 7,0% болды.

2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,6 млн бірлікті құрады. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды, олардың саны – 11 059 450. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар - 522 080, БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 45 334 бірлікке тең.

2021 жылдың төрт айында ғана БЖЗҚ салымшыларына 1,3 трлн теңгеден астам төлем жасалды, төлемдердің 1,2 трлн теңге көлеміндегі басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады. Жас мөлшері бойынша төлемдер екінші орында – 32,7 млрд теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар, олар шамамен 30,5 млрд теңгені, мұрагерлік бойынша төлемдер 22,7 млрд теңгені, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер  10,5 млрд теңгені, жерлеуге берілген төлемдер 1,7 млрд теңгені және мүгедектік бойынша төлемдер 0,8 млрд теңге болды.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 862 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 522 610 теңгені құрады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

БЖЗҚ салымшыларына жыл басынан бері 15 миллион қызмет көрсетілді 

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың басынан бастап 01.01.2021-01.05.2021 аралығындағы кезеңде өз салымшыларына 15 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39%  артық.

Электрондық форматта 11,1 миллионнан астам қызмет көрсетілді, бұл қызметтердің жалпы көлемінің 74% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн қызметтердің танымалдығы екі есеге дерлік өсті. Қызмет көрсетудің екінші танымал тәсілі – автоматты формат (мәлімдемесіз өтініштер). Оның үлесі 14,5% немесе 2,2 миллион қызмет болады.

Салымшылар 1 миллионға жуық қызметті тікелей Қордың қызмет көрсету кеңселерінен алды. Еліміз бойынша 183 қызмет көрсету нүктесінде 2021 жылдың төрт айында салымшыларға 968,3 мың қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 321 мың қызметке (немесе 49,6% ) артық.

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елді мекендерде орналасқан ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бірлескен жобасының танымалдығы арта түсуде. Естеріңізге сала кетейік, «Қазпошта» бөлімшелерінде төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асыруға болады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);
  • хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін) туралы келісімге қол қою.

Жалпы алғанда, жыл басынан бері 1 мамырдағы жағдай бойынша пошта операторының бөлімшелерінде осы операциялар 5,5 мың рет пайдаланылды.

Салымшылар арасында көшпелі қызмет көрсету бөлімдері де аса танымал. Олар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметтерді онлайн алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштер) және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету (1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар) туралы өтініштерді ресімдеу үшін барып қызмет көрсетуге қажеттілік туындаған жағдайда, Қордың мамандары барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, сапарға шығады. Барып қызмет көрсету барысында 2021 жылдың 1 мамырына 20 043 операция жүзеге асырылды.

БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерін ұсынуға және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңіл бөледі. 2021 жылдың төрт айында кері байланыс арналары арқылы салымшылардың өтініштерінің саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда екі есеге артты. 2021 жылғы 1 мамырға 714 мыңға жуық өтініш, ал 2020 жылғы 1 мамырға барлығы 440,8 мың өтініш қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) арқылы байланыс орталығында  кеңес ала алады. Сондай-ақ, ақыл-кеңестерді www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты арқылы алуға болады, түрлі ақпараттар Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында да жарияланған.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ-дағы «Ашық есік күні»

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 18 маусым күні онлайн форматтағы «Ашық есік күнін» өткізеді. Кез келген адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен осы іс-шараға үйден шықпай-ақ, қатыса алады.

Іс-шара тақырыбы – «Ерікті зейнетақы жарналары, шотты ашып, толықтыру – өте оңай!» деп аталады. Іс-шараның негізгі мақсаты ерікті зейнетақы жарналарын насихаттау. Қазіргі уақытта заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілді, олар жинақтау мәдениетін дамыту үшін тамаша ынталандыру болмақ.

Мәселен, жыл басынан бері салық агентінің (жұмыс беруші) өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына төлейтін ЕЗЖ корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Сонымен қатар, жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомасы қызметкердің табысына салық салу кезінде ескерілмейді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жыл ішінде талап етілмеген кепілдік берілген өтем сомаларын БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есептелетін жеке зейнетақы шоттарына есепке алу үшін аудару тәртібін ережелейтін заң нормалары да қолданысқа енгізілді. Сондай-ақ, ең маңызды жаңалықтардың бірі алғашқы ерікті салым жасалған кезде ЕЗЖ шоттарының автоматты түрде ашылуы болды.

Бұған қоса, аталмыш іс-шараның мақсаты – жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпарат беру.  

«Ашық есік күні» онлайн-форматта 18 маусым күні сағат 10-00 нан 17-00 дейін онлайн платформада 3 сессиядан өтеді:

    1 сессиясы сағат 10-00 өтеді. (қосылу уақыты сағат 09-30)

    2 сессиясы сағат 12-00 өтеді. (қосылу уақыты сағат 11-30)

    3 сессиясы сағат 15-00 өтеді. (қосылу уақыты сағат 14-30)

 

           Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы:

     1 сессия - https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e0400e388f9e87ceb97c797cc25962dfd сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 184 837 6744  мен event-жиналыс паролі 0000 енгізіледі.

     2 сессия -https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ebcf7b168f3d7bd47deb0fe212ec98a56 сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 184 467 7404 мен event-жиналыс паролі 0000 енгізіледі.

     3 сессия - https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e7469b802687843e3ddd55513c4be569d сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 184 755 1306 мен event-жиналыс паролі 0000 енгізіледі.

 

Сіздерді асыға күтеміз!