АУДАНДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АУДАНДЫҚ  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АУДАНДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қаратау ауданында экологиялық полиция қызметі құрылды. Экологиялық полицияның міндеті – қала тазалығын қадағалап, тәртіпке шақыру. Қала тазалығы туралы айтқанда тек қоқыс тастауды ғана ойлаймыз. Ауданда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқандықтан, ауыр жүк көліктері құм мен топырақты артып, асфальтты лайлап, ластап, елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзып жатқанынан да бейхабармыз.
Экологиялық полиция өкілдерінің мәлімдеуінше жыл басынан бері 6 ауыр жүк көлігіне әкімшілік хаттама толтырылған. ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 434 бабы бойынша – 14, 505 бабы бойынша 112 әкімшілік хаттама толтырылған. Оның 43-не әкімшілік айыппұл салынған. 434 баптың 2-1 тармағы бойынша жеке және заңды тұлға қоқыс қалдықтарын тастап, ұсақ бұзақылыққа барса 14585 теңге айыппұл салынады. 505 баптың 1 тармағына сәйкес екі түрлі бағыт қаралған.
Біріншісі – ескерту беру, екіншісі – айыппұл салу.
– Көп жағдайда тұрғындарға алдын ала ескертіледі. Ал, айыппұл жеке тұлғаға – 58 340 теңге, орта деңгейдегі заңды тұлғаға – 116 680 теңге. Ірі кәсібі бар заңды тұлғаға – 291 700 теңге айыппұл салынады.