Қала күніне орай Қаратау ауданында аудан әкімінің кубогі өтті

Қала күніне орай Қаратау ауданында аудан әкімінің кубогі өтті

19 маусым – Қала күні мерекесі аясында Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен көркем гимнастикадан аудан әкімінің кубогіне арналған спорттық жарыс өткізілді.

Аталған додаға 100-ге жуық жас спортшы қатысып, өздерінің шеберлігі мен өнерін көпшілік назарына ұсынды. Жарыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен қатысушылар жүлделі орындармен және арнайы марапаттармен наградталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Сонымен қатар жарыс барысында 26 мамыр мен 26 маусым аралығында республика көлемінде өтіп жатқан «Есірткіге қарсы күрес айлығы» аясындағы түсіндіру және насихат жұмыстары да қамтылып, жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, денсаулықты сақтау және белсенді өмір салтын ұстанудың маңыздылығы кеңінен дәріптелді.

Қаратау ауданында тұрғындарды спортқа баулу, жастардың денсаулығын нығайту және қоғамдық маңызы бар бастамаларды қолдау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.