
Балалардың құқықтарын қорғау, олардың пікірін тыңдау және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына қолдау көрсету мақсатында Қаратау ауданында ауданымыздың үлгілі әрі дарынды оқушыларының қатысуымен саяси қайраткерлермен және қоғам белсенділерімен ашық диалог алаңы ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тәжірибелі азаматтардан мазмұнды жауаптар мен өмірлік маңызы зор ақыл-кеңестер алды. Ашық форматта өткен сұхбат балалардың ой-пікірін еркін жеткізуіне мүмкіндік беріп, олардың азаматтық белсенділігін арттыруға ықпал етті.
Іс-шара барысында мерекелік көңіл-күй қалыптастыру мақсатында концерттік бағдарлама ұсынылып, жас өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды. Әсем ән мен әсерлі қойылымдар мерекенің мазмұнын арттырып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолдау көрсетіп, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан «Нұрсәт» өнер мектебінің ұжымына және Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелеріне шынайы алғысымызды білдіреміз.
Балалардың бақытты балалық шағы мен жарқын болашағы – баршамыздың ортақ міндетіміз. Жас ұрпақтың арманы асқақ, келешегі кемел болсын!