
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің “Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы” хаты аясында Қаратау ауданында профилактикалық түсіндіру кездесуі өткізілді.
Іс-шара барысында ата-аналар мен балалардың құқықтық жауапкершілігі, сондай-ақ діни және этносаралық тұрақтылықты сақтау мәселелері бойынша құзырлы органдар тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу 2026 жылғы 21 мамыр күні Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабында орналасқан №107 Ю.Сареми атындағы мектеп-лицейінің мәжіліс залында өтті.
Жиынға ата-аналар комитетінің төрағалары қатысып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.