
Кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Атап айтқанда, диаспора өкілдерінің радикалдануының алдын алу, жасөспірімдер арасында деструктивті діни ағымдардың таралу қаупі, терроризмге қарсы қоғамдық көзқарас қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және нашақорлықпен күрес мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар, қатысушыларға «Бірлік және ынтымақ», «Заң және тәртіп», «Әділдік және жауапкершілік», «Еңбекқорлық және кәсібилік», «Жасампаздық пен жаңашылдық», «Тәуелсіздік пен отаншылдық», «Ұлтаралық татулық» құндылықтары кеңінен түсіндірілді.
Кездесуге теолог, сарапшылар және аудан әкімдігі өкілдері қатысып, жастармен ашық диалог алаңы ұйымдастырылды. Кездесу барысында жастарды спортқа, мәдениетке және өнерге баулу, дұрыс өмірлік бағыт қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.