Шымкент қаласында биыл көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шымкент қаласында биыл көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шымкент қаласында биыл көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп, 1,6 миллион қызғалдақ егілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 600 мыңға артық көрсеткіш.

Қызғалдақ пиязшықтары Нидерланды елінен арнайы жеткізіліп, күтіп-баптау жұмыстары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асуда.

Гүлдер қаладағы барлық аудан аумақтарына отырғызылып, негізгі көшелер мен қоғамдық орындардың көркін ашты. Соның ішінде Қаратау ауданы аумағында 401 500 түп қызғалдақ егілді.

Жалпы, қызғалдақтар қаланың эстетикалық келбетін арттырып, тұрғындар мен қонақтарға ерекше көктемгі көңіл-күй сыйлауда 🌷