Қаратау ауданында құқықтық кездесу өтті

Қаратау ауданында құқықтық кездесу өтті

Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қайтпас шағынауданы Қаныш Сатпаев атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптарында маңызды кездесу өткізілді.

 Кездесуге қоғамдық бірлестіктердің психологтары, нарколог мамандар және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар қатысып, жасөспірімдерге өз салалары бойынша пайдалы әрі маңызды ақпараттар ұсынды.

 Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, зиянды әрекеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.