Қаратау ауданында көпбалалы аналар мемлекеттік наградамен марапатталды

Қаратау ауданында көпбалалы аналар мемлекеттік наградамен марапатталды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 2 наурыздағы №1187 Жарлығына сәйкес Қаратау ауданында көпбалалы аналар жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, 10 ана «Алтын алқа» және 65 ана «Күміс алқа» иегері атанды.

Бұл марапаттар – аналардың қоғамдағы ерекше рөлі мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға қосқан зор үлесінің айқын көрінісі. Көпбалалы аналардың еңбегі мен тәрбиесі – ел болашағының негізі болып табылады.

Салтанатты рәсім барысында аналарға құрмет көрсетіліп, олардың бала тәрбиесіндегі қажырлы еңбегі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан ана мен балаға көрсетілетін қолдау алдағы уақытта да жалғасатыны жеткізілді.