Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігі мен Шымкент аграрлық-техникалық колледжі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігі мен Шымкент аграрлық-техникалық колледжі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Іс-шара барысында Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Жарылқасын Пазылбекұлы оқу орнының оқу-өндірістік базасымен танысып, студенттерге ұсынылатын нақты жұмыс орындары туралы ақпарат берді.

Меморандум – колледж түлектерін жұмыспен қамтуға жағдай жасауға бағытталған. Бұл бастама техникалық және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде жүзеге асырудың нақты қадамы болып табылады.

Колледжде өндіріс, құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік салалары бойынша мамандар даярланады. Жыл сайын 500-ден астам түлек еңбек нарығына жолдама алады.

Алдағы уақытта студенттерді «Қаратау» КММ-нің техникалық базасымен таныстыру жоспарлануда.