Нұрсәт шағын ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді

Нұрсәт шағын ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді

Нұрсәт шағын ауданы аумағындағы №29, 30, 31 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында «Қаратау» КММ тарапынан жоспарлы тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында аула аумақтары ретке келтіріліп, жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы техника көмегімен шығарылды.

Тазалық жұмыстарына 35 жұмысшы мен 2 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Аталған жұмыстар тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған.