
Қаратау ауданы әкімдігі хабарлайды, Шымкент қаласы әкімінің 2024 жылғы 12 қыркүйектегі №64-ө өкіміне сәйкес, аудан аумағында бірінші қажетті азық-түлік тауарларына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
🔹 253 дүкен тексерілді
🔹 29 дүкенде баға үстемақысы 15%-дан асқаны анықталды
Нәтижесінде:
✅ 10 дүкенге ескерту берілді
✅ 13 дүкенге айыппұл салынды
⏳ 6 дүкен бойынша шара қабылдау кезеңінде
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру мақсатында, аудан аумағында ағымдағы жылдың осы кезеңінде 177 жәрмеңке өткізілді.