Қоқыс тастаған азаматтарға шара қолданылды

Қоқыс тастаған азаматтарға шара қолданылды

Қаратау ауданы әкімдігі мамандары мен экополиция қызметкерлері “Нұртас” шағын ауданында тазалық талаптарының орындалуын бақылау мақсатында кезекті рейдтік шара жүргізді.

Рейд барысында құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген орындарға төгу деректері анықталды.Құқықбұзушылыққа жол берген тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.

Сонымен қатар, тұрғындарға, мердігер ұйымдарға және құрылыс нысандарының өкілдеріне экологиялық нормаларды сақтау, құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды тек белгіленген орындарға шығару жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қаратау ауданы аумағында санитариялық ахуалды жақсарту, заңсыз қоқыс тастау фактілерінің алдын алу бағытындағы бақылау шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.