Қаратау ауданында күзгі көгалдандыру жұмыстары жүргізілді

Қаратау ауданында күзгі көгалдандыру жұмыстары жүргізілді

Қаратау ауданы әкімдігі, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылуда. 2025 жылғы 22 қарашада аудан аумағында кезекті күзгі көгалдандыру шарасы өткізілді.

Акция барысында ауданның аллеялары мен көпқабатты үйлердің аулаларында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде:
• Шаяхметов және Назарбеков көшелерінің қиылысында жаңа аллея: 14 шырша, 25 терек отырғызылды;
• ЖК «Жарық» аумағы: 25 терек отырғызылды;
• Қаратау әкімдік ғимаратының жанындағы аллея: 8 шырша, 135 терек отырғызылды.

Қаратау ауданы әкімдігі тұрғындарды экологиялық акцияларға белсенді қатысуға шақырады және алдағы уақытта да аудандағы көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр.