
2025–2026 жылдардағы жылыту маусымында Қаратау ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында улы газдан уланудың алдын алу бағытында жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Өтеміс және Шапырашты тұрғын алаптарында газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Тұрғындарға арнайы жадынамалар таратылып, үй ішіндегі газ жабдықтарына сервистік қызмет көрсетуші ұйымдармен келісімшарт жасау тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, Қаратау ауданы әкімі аппараты, аудандық төтенше жағдайлар басқармасы, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, сондай-ақ газ инспекциясының мамандары «Газ құрылғыларын пайдалану, оларды тексеріп отыру және улы газдан уланудың алдын алу» тақырыбында кең ауқымды үгіт-насихат шараларын іске асыруда. Іс-шаралардың негізгі мақсаты — газ жабдықтарын дұрыс пайдалану мәдениетін қалыптастыру, тұрмыстық қауіпсіздікті арттыру және оқыс жағдайлардың алдын алу.
Алдағы кезеңде аталған жұмыстар ауданның өзге де елді мекендерінде тұрақты түрде жалғастырылатын болады.
Осыған байланысты, тұрғындардан газ жабдықтарын пайдалану ережелерін қатаң сақтауды және қауіпсіздік шараларын назардан тыс қалдырмауды сұраймыз.