
Қаратау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Хамза атындағы №108 мектеп, Сайрам және Орта Азиялық жоғары медициналық колледждерінде оқушылар мен студенттер арасында ұлттық құндылықтарымызды сақтау, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, керағар діни ағымдар мен деструктивті діни ағым жақтастарына еріп кетудің алдын алу, келеңсіз оқиғалардан сақ болу, осындай жағдайлар орын алған жағдайда өздерін қалай ұстау, нашақорлыққа қарсы күресуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы бейбітшілік пен этносаралық келісімді нығайту, жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру, діни сауаттылықты арттыру және ұлтаралық татулықты ілгерілету болды.
Кездесу барысында қатысушыларға қоғамдағы тұрақтылықтың мәні, радикалды көзқарастардың алдын алу жолдары, толерантты қоғам қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге ел бірлігін сақтау үшін заңдылықты сақтау, өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынастың қажеттілігі атап өтілді.
Мамандар жастардың сұрақтарына жауап беріп, қоғамдық келісім мен рухани тұтастықты сақтауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат берді.