ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА “АЛТЫН АЛҚА” ЖӘНЕ “КҮМІС АЛҚА” ТАБЫСТАЛДЫ

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА “АЛТЫН АЛҚА” ЖӘНЕ “КҮМІС АЛҚА” ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Қаратау ауданында бірқатар көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар салтанатты түрде табысталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 қазандағы №1044 Жарлығына сәйкес Қаратау ауданындағы 20 ана “Алтын алқа”, 42 ана “Күміс алқа” төсбелгісімен марапатталды.

Кездесу барысында елдің демографиялық дамуына және отбасы институтын нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқан аналарға алғыс білдірілді.

Бұл – мемлекетіміздің аналарға, көпбалалы отбасыларға және ұрпақ тәрбиесіне деген айрықша құрметінің айқын көрінісі.
Аталған бағыттағы игі істер алдағы уақытта да жалғасын табады.