ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ЖАҢА ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ САЛЫНУДА

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ЖАҢА ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ САЛЫНУДА

Қаратау ауданы бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында биыл 31 жаңа ойын және спорт алаңшасын орнату жоспарланған.

Оның ішінде:
🔹 27 — балалар ойын алаңы
🔹 3 — ашық спорт алаңы
🔹 4 — спорт нысанында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Бүгінгі таңда 22 нысан толық пайдалануға берілді. Қалған 9 алаңшада құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Барлық нысандар жыл соңына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.

Жаңа алаңшалар — балалар мен ата-аналарға арналған қауіпсіз әрі жайлы демалыс орны. Бұл бастамалардың мақсаты — аудан тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру.