«Балалар үшін белсенді демалыс: аула чемпионаты»

«Балалар үшін белсенді демалыс: аула чемпионаты»

Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қаратау ауданы әкімдігі аппаратының бастамасымен Қаратау ауданында балалардың бос уақытын тиімді өткізу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында әр апта сайын сенбі және жексенбі күндері «Аула чемпионаты» ұйымдастырылып отыр.

Чемпионат аясында көпқабатты үйлердің аула алаңдарында және шағынаудандардағы спорт алаңдарында спорттың 7–8 түрінен жарыстар өткізіледі.

Бұл шара балалардың спортқа қызығушылығын арттырады, жаңа достар табуға мүмкіндік береді және белсенді демалысқа жағдай жасайды.