«Менің атаулы ағашым» табиғатты қорғау акциясы Қаратау ауданында өтті!

«Менің атаулы ағашым» табиғатты қорғау акциясы Қаратау ауданында өтті!

23 қазан күні Шымкент қаласы Білім басқармасының қолдауымен және «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ ұйымдарымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Менің атаулы ағашым» атты табиғатты қорғау шарасы өткізілді.

Қаратау ауданының мамандары мен табиғат жанашырлары өз үлестерін қосып, аймақты көгалдандыруға атсалысты. Әрбір қатысушы өз атынан ағаш отырғызып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған игі бастаманы қолдады.

Осылайша, аймақтың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарау және жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру мақсатында осындай акциялар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Біздің бірегей ағаштарымыз - болашақ үшін жасаған қадамымыз!