Қаратау ауданы білім беру мекемелерінде ақпараттық жиналыстар өткізілді

Қаратау ауданы білім беру мекемелерінде ақпараттық жиналыстар өткізілді

Апта бойы Қаратау ауданы әкімдігі аппаратының әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімі аудан көлеміндегі білім беру мекемелерінде, сондай-ақ ата-аналар мен мұғалімдерге арналған ақпараттық жиналыстар ұйымдастырды.

Жиналыстың негізгі тақырыптары:

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтары;

Дін және этнос саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету.


Жиналыс барысында студенттер, оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдерге әлеуметтік медициналық сақтандыру, қоғамдық келісім және дін мен этнос саласындағы тұрақтылық мәселелері бойынша толық ақпарат берілді. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.

Іс-шараларға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы филиалы, Дін істер басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері қатысты.

Апта бойы ұйымдастырылған жиналыстар арқылы аудан тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру, дін мен этнос саласындағы тұрақтылық және әлеуметтік қорғау шаралары туралы нақты және толық ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар қоғамдық келісімді нығайтуға, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және болашаққа сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді.