2025 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Қаратау ауданы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 5 рет жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды.

2025 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Қаратау ауданы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 5 рет жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілік жұмыстары Нұрсәт, Тұран-1, Тұран-2, Нұртас және Тассай шағынаудандарында өткізілді. Іс-шараға:
- коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінен – 500 қызметкер;
- аудан әкімі аппараты, қалалық басқармалар мен әлеуметтік нысандардан – 750 қызметкер;
- жергілікті тұрғындар, кәсіпкерлер,  және жастардан – 600 адам қатысып, жалпы саны 1 850 адамды құрады.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандарда тазалық жұмыстарын ұйымдастыру арқылы санитарлық жағдайды жақсарту бойынша қосымша іс-шаралар атқарылды.
Сенбілікке 75 техника (оның ішінде коммуналдық мекемелерден – 60, кәсіпкерлерден – 15) тартылып, нәтижесінде 195 тоннадан астам қоқыс пен 207 м³ инертті материалдар арнайы полигонға шығарылды.
Жұмыс барысында:
- аулалар, ирригациялық арықтар мен аяқжолдар қоқыстан тазартылды;
- қураған ағаштар кесіліп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді;
- тұрғын үйлердің кіреберістері мен қоршауларындағы рұқсатсыз ілінген жарнамалар алынды.