Қаратау ауданында жалпы аудандық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында
2025 жылғы 2 тамыз күні сағат 09:00-де Нұрсат тұрғын алабының 48, 49, 50, 52, 54, 56 мекенжайларындағы Көк үйлер аумағында жалпы республикалық сенбілік ұйымдастырылды.
Аталған сенбілікке:
Қаратау ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері – 85 адам,
“Қаратау” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері – 75 адам, Көпқабатты тұрғын үйлердің төрағалары мен тұрғындары – 180 адам қатысып, барлығы 315 адам жұмылдырылды.
Сонымен қатар 4 техника бірлігі тартылды.
Сенбілік барысында:
аулалар, ирригациялық арықтар мен аяқжолдар қоқыстан тазартылды;
қураған ағаштар кесіліп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді;
қоршаулар мен тұрғын үйлердің кіреберістері, есіктеріндегі рұқсатсыз ілінген жарнамалар алынып, тазалық орнатылды.
Жалпы 23 м³ көлемінде қоқыс шығарылды.
Одан бөлек, аудан аумағындағы барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандарда да тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, санитарлық жағдайды жақсарту бойынша іс-шаралар атқарылды.
Сенбілік жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.