5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші жарыс күні аяқталды. Бұл аралықта спортшылар көкпар, көкбөрі, аударыспақ, жамбы ату, күрәш, дәстүрлі садақ ату, қазақ күресі, мас-рестлинг, асық және тоғызқұмалақ спорт түрлерінен сайысқа түсті.
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші күнінде аударыспақ сайысының үш салмақ категориясы бойынша жеңімпаздары анықталды. 90, 100 және 100+ кг салмақ дәрежесіндегі спортшылар бәсекесі Этноауылда өтті.
Жүлделі орын иеленгендер:
90 кг
1 орын – Ислам Бердібекұлы (Қырғызстан)
2 орын – Есімхан Рахматилла (Қазақстан)
3 орын – Инсаф Хусаинов (Ресей)
100 кг
1 орын – Сырым Ізбасаров (Қазақстан)
2 орын – Бақытжан Жанат (Моңғолия)
3 орын – Кольчар Даниэль (Мажарстан)
100 кг-нан жоғары
1 орын – Біржан Қосалиев (Қазақстан)
2 орын – Кумушбек Кыдыралиев (Қыргызстан)
3 орын – Лакатош Валентин (Мажарстан)
Түркі стилінде жамбы ату сайысына 27 елден 78 спортшы қатысты. Жамбы ату жарыстары этноауылда өтіп жатыр.
Нәтижесі:
1 орын – Ералхан Айкөз (Қазақстан)
2 орын – Егит Керем (Түркия)
3 орын – Айтбек Сарыбай (Қазақстан)
«Арғымақ» ат спорты кешенінде «Qalqan» стиліндегі дәстүрлі садақ ату сайысы өтті.
Ерлер арасында жүлделі орын иеленгендер:
1 орын – Кочжка Ласзло (Мажарстан)
2 орын –Тапенов Ербол (Қазақстан)
3 орын – Қанат Қасымхан (Қазақстан)
Әйелдер арасындағы мергендер:
1 орын – Рено Сури (Индонезия)
2 орын – Анна Алексеева (Ресей)
3 орын – Асель Садырова (Қырғызстан)
Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ерлер және әйелдер арасындағы қазақ күресі өз мәресіне жетті. 41 елдің спортшылары 8 салмақ дәрежесінде бәсекеге түсті.
Жекпе-жек нәтижелер:
Ерлер
82 кг
90 кг
3 Хакназар Назаров (Тәжікстан)
100 кг
+100 кг
1.Нұрдәулет Жарылғапов (Қазақстан)
2.Муксин Кхисомуддинов (Өзбекстан)
3.Дадахон Курбоналиев (Тәжікстан)
3 Онисе Бухадзе (Грузия)
Әйелдер арасындағы жеңімпаздар:
70 кг
65 кг
77кг
1.Бетти Вук (Италия)
2.Зәмзәгүл Файзоланова (Қазақстан)
3.Дина Гизатуллина (Ресей)
+77 кг
«Алау» мұз сарайы аренасында өзбек күресі - құраштан ерлер және әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Әйелдер бір салмақ, ал ерлер үш салмақ дәрежесі бойынша жеңіс тұғырына таласты.
Сайыс нәтижесі:
Ерлер
66 кг
3 Авлиакулева Вепа (Түркіменстан)
60 кг
3 Ом Раттан (Үндістан)
74 кг
Әйелдер:
57 кг
1.Балхара Пинкси (Үндістан)
2.Толғанай Әбенова (Қазақстан)
3.Азарпейванд Тахере (Иран)
4.Алтынай Нұрханова (Қазақстан)
10 қыркүйек күні Саха халқының ұлттық спорты – мас-рестлинг (таяқ тарту) бойынша бәсеке аяқталды. Жүлделі орындар ерлер мен әйелдер арасында 2 салмақ дәрежесі бойынша сарапқа салынды:
Ерлер
90 кг
105 кг
Әйелдер
65 кг
75 кг
«Қазанат» ипподромында кезекті көкпар ойындары басталды. Бүгінгі сайыста Қазақстан командасы АҚШ ковбойларын 12:4 есебімен жеңсе, Қырғызстан спортшылары Түркиялық әріптестерін 15:1 есебімен басып озды.
Көкбөрі сайысына келер болсақ, Түркия командасы АҚШ ойыншыларын 2:1 есебімен ұтты, ал Ресейлік шабандоздар Өзбекстан командасынан 3:2 есебімен басым түсті.
10 қыркүйек күні өткен тоғызқұмалақ сайыстарының нәтижесі бойынша 23,5 ұпаймен Қазақстан командасы көш бастап келеді.