Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Ағымдағы жылдың 29 наурызында түнгі сағат 23:00-ден бастап, 30 наурыз таңғы 07:00-ге дейін Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мердігері “Сити Строй” ЖШС Қонаев даңғылын кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары барысында жаңа су құбырын қосып , ескі су құбырын ажырататынын хабарлаймыз.

Осыған байланысты төмендегі көшелер мен шағын аудандарда :
Рашидов, Исмаилов, Гагарин, Қалдаяқов, Водопьянов,Театральная, 1 Мамыр, Жарқынбеков, Нахимов, Кремлевская , Маяковский, Молдағұлов, Республика даңғылы, Павлов, Жангелдин, Суворов, Партизанский , Химфарм завод көшелері және Қарасу, 21, Келте мөлтекаудандарында су өшірілетіндігін ескертеміз.
Су қорын жинап, сабырлық сақтауды сұраймыз!
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Анықтама телефоны:+77081102121.