ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылатын іс шараларға байланысты қаланың кей аумақтарында көлік қозғалысы шектелетінін хабарлаймыз.
 
Астана алаңы:
21 наурыз сағат 20.00-ден 22 наурыз сағат 23.00-ге дейін Назарбаев даңғылының Шаяхметов, Бәйтереков көшелері қиылысында көлік қозғалысы шектеледі. Алаңда жол қозғалысы тоқтатылып, көлік қоюға тыйым салынады.
 
 Әл-Фараби алаңы:
21 наурыз күндізгі сағат 11:00-ден бастап, 22 наурыз сағат 19:00-ге дейін А.Асқаров және Б.Момышұлы көшелері аралығы жабылады.
 
Жол қауіпсіздігін сақтап, көлік кептелісін болдырмау үшін алдын ала қозғалыс бағыттарын реттеп, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз!