Ж.ТАШЕНОВ КӨШЕСІ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Ж.ТАШЕНОВ КӨШЕСІ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
Шымкентте көлік жүктемесі жоғары магистралды және ішкі орам көшелерін орташа жөндеуден өткізу жұмыстары жалғасуда.
 
Бүгінге дейін жоспарланған 308 көшенің 230-дан астамы орташа жөндеуден өтті.
 
Соның бірі – Ташенов көшесі. Жол құрылыс жұмыстары Төреқұлов көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Бүгінде асфальтбетон жабындысын салу жұмыстары толығымен аяқталып, екі жақтама аяқжол істелді.
 
Жүргізушілердің қауіпсіз қозғалуына ыңғайлы орта қалыптастыру мақсатында көше бойымен жол сызықтары сызылды.