ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
Шымкентте жаңа әуежай терминалының алдынан заманауи үлгідегі автотұрақ пайдалануға берілді. Бұл әуежай аумағында көлік қозғалысын реттеуге үлкен мүмкіншілік береді.
 
Жаңа автотұрақ пен ескі әуежай аумағының арақашықтығы 250 метр. Әуежай аумағындағы ескі автотұрақ тек қоғамдық көліктер, тіркелген таксилерге және әуежай қызметкерлеріне қызмет етеді.
 
Жаңа автотұраққа қозғалыс Бақбаев көшесінен жаңа автомобиль жолына түсу арқылы жүзеге асырылады.