ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов бойжеткендер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Дана Дидайға сый-құрмет көрсетті.
 
Мақсұт Пернебайұлы спортшы мен оның бапкерін жеңісімен құттықтап,  спорт саласында аянбай еңбек етіп, елдің намысын қорғап жүргені үшін алғысын жеткізді. 
 
Бокстан Польшаның Кельце қаласында өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде шымкенттік спортшы күміс жүлдегер атанған еді. 
75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Дана Дидай финалда үндістандық Санамача Токчоммен шеберлік байқасты. Аса тартысты өткен бәсекеде жерлесіміз 2:3 есебімен есе жіберді. 
 
Айта кетейік, Дана Дидай – Шымкент қалалық № 5 кәсіпқой бокс түрлері клубының шәкірті.
 
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі