«ҚАРАСУ» ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ АЛЛЕЯСЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

«ҚАРАСУ» ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ АЛЛЕЯСЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Шымкент қаласындағы «Қарасу» шағынауданы «Отбасы» аллеясын абаттандыру бойынша эскиз жоба әзірленді. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін алдағы уақытта сметалық құжаттама әзірленіп, қаржы қаралған жағдайда абаттандыру жұмыстары атқарылады.
Сондай-ақ, Отбасы аллеясының жанындағы иттерге арналған алаңды абаттандыру бойынша эскиз әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған орын Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының меншігінде. Алдағы уақытта сметалық құжаттама дайындалып, қаржы қаралған жағдайда абаттандыру жұмыстары қолға алынады.
Аталған иттерге арналған алаң жерінің көлемі – 1538 шаршы метр. Онда күнделікті шамамен 30-35 тұрғын иттерімен серуендейді. Және аумағында 21 көпқабатты тұрғын үй орналасқан.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов Отбасы аллеясын абаттандыру арқылы «Қарасу» шағынауданы тұрғындарының серуендеуіне қолайлы орта қалыптасатынын айтты.