БИЫЛ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 36 МЕКТЕПКЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

БИЫЛ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 36 МЕКТЕПКЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Шымкент қаласындағы Елтай тұрғын алабында бірнеше жылдан бері мектептің құрылысы жоспарға енгізілгенімен, салынбай келген. Еңбекші ауданы әкімінің есепті жиынында осы мәселе талқыланды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов тиісті сала басшыларына 2 мың халқы бар тұрғын алабтағы мектеп құрылысын ертерек бастауды тапсырды.
Аудан әкімінің 2020 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде халыққа есеп беру кездесуіне қатысқан қала әкімі тұрғындар мен БАҚ өкілдерінен келген сұрақтарға бірлесе жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Карантин режиміне байланысты есеп беру онлайн форматта өтті.
–Өткен жылы Еңбекші ауданына бөлінген қаржы толығымен игеріліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Биылдап бастап ауданға KPI индикаторын енгіздік. Оның ішіне барлық сала қамтылған. Осы жылы ауданға 12 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл қаражатқа аудандағы 36 мектеп күрделі жөндеуден өтіп, бір мектепке қосымша ғимарат салынады. Жол инфрақұрылымында да ірі жобалар жүзеге асырылады. Оның ішінде Адырбеков көшесінің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Абаттандыру мен көгалдандыру және санитарлық тазалығы да аудан бюджетінен атқарылады. Сонымен бірге, наурыз айында бюджетті қайта қарау кезінде қосымша қаржы қарастыруды жоспарлап отырмыз, -деді қала әкімі.
Айта кетейік, қаладағы өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу мақсатында аудандардың 5 жылдық даму жоспары әзірленді. Қаладағы коммуналдық салаға енгізілген реформаға сәйкес осы жылдан бастап абаттандыру мен көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары тиісті аудан әкімдіктеріне бекітілді.
Фото:Береке Сейітжаппар
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі