«SHANYRAQ» ОРТАЛЫҒЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

«SHANYRAQ» ОРТАЛЫҒЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Шымкент қаласының «SHANYRAQ» отбасы институтын қолдау орталығында ҚР «Медиация туралы» Заңының қабылдағанына 10 жыл толуына орай ашық есік күні өтті. «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» ЗТБ президенті Нұрбала Оразқұлова, медиатор Бағила Жұмабаева, «ADILET GROUP» заңгерлік орталығы заңгерлері көпбалалы аналар және қала тұрғындарымен кездесіп, насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде кәсіби медиаторлар отбасылық, ана мен бала құқығы, ажырасу, алимент мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беріп, тегін заңгерлік кеңестерін ұсынды. Жалпы балалары қараусыз қалдырған жалғызбасты қарияның, 5 балалы ананың балаларына алимент өндіру мәселесі және тағы басқа сауалдар қойылды.

Жиын соңында «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығы мен «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» ЗТБ әлеуметтік жағынан осал топтарға құқықтық жәрдем беру мақсатында бірлесе жұмыс жүргізу бойынша екіжақты меморандум жасау туралы келісімге келді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі