ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА РЕТСІЗ САУДАМЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА РЕТСІЗ САУДАМЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН
Еңбекші ауданында «Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» қағидатын басшылыққа алып ретсіз орналасқан сауда орындарын жою мақсатында өткен жылы 94 рейдтік іс-шара ұйымдастырылған. Нәтижесінде 267 ретсіз сауда орындары анықталып, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204-бабына сәйкес 570 хаттама толтырылды. Салынған айыппұл көлемі 632 мың теңгені құраған.
Ал, 505-бапқа сәйкес 1289 хаттама толтырылып, оған 291,7 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Заңсыз қойылған 6 дүңгіршек алынған.
Одан бөлек, ауданда жарнама жұмысын жүйелендіру мақсатында Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына сәйкес тиісті сала мамандарының қатысуымен заңсыз орналасқан жарнама бойынша былтыр 94 рейдтік іс-шара ұйымдастырылған. Рейд барысында 978 заңсыз жарнама алынды. Коммерциялық құрылым иелеріне жарнамаларын заңдастыру жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айта өткен жөн.