ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫН ҚЫЗУ ҚОЛДАДЫ

ШЫМКЕНТ СПОРТШЫЛАРЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫН ҚЫЗУ ҚОЛДАДЫ

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекеме ұжымдары республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде атсалысуда. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты қорғауды мақсат еткен бұл бастама аясында Тұран ауданының аумағында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Науқан барысында әрбір спорт ұйымы өзіне қарасты ғимараттар мен спорт кешендерінің төңірегін қоқыстан арылтып, ағаштарды отау, жасыл желектерді күтіп-баптау шараларын жүйелі жүргізді. Өңір спортшылары бұл арқылы тек дене шынықтыруды емес, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті де қатар насихаттап келеді.

Қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға әрі экологиялық сананы жаңғыртуға серпін берген шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Басқарма өкілдерінің айтуынша, бұл бағыттағы акциялар спорт мекемелері үшін дәстүрлі шараға айналмақ.