
Шымкент қаласында жасөспірім боксшылар арасында WBC Amateur Kazakhstan республикалық турнирі өтіп жатыр. Бүгін 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында кәсіпқой бокс тунирінің ашылу рәсімі өткізіліп, жас спортшылар сап түзеді. Турнирдің ашылу салтанатына спорт саласының өкілдері, жаттықтырушылар, спортшылар, федерация басшылығы қатысты.
Іс-шарада ҚР кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков, қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Нұрлыбек Өтепбергенов жас боксшыларға сәттілік тілеп, аталған жарыс елімізде боксты жасөспірімдер арасында кеңінен насихаттауға, спортшылардың шеберлігін шыңдауға және болашағы зор дарындарды анықтауға бағытталғанын атап өтті.⠀
Шымкент кәсіпқой бокс түрлері клубында өтіп жатқан республикалық турнирде Қазақстанның әр өңірінен жас спортшылар бақ сынап, өздерінің спорттық дайындығы мен шеберліктерін көрсетпек. ⠀
Сонымен қатар, іс-шара аясында Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Кәсіпқой бокс федерациясының басшылығына жаңа тағайындаулар таныстырылады.⠀
Айта кетсек, турнир 20 қыркүйек күні мәресіне жетеді. ⠀