АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: ШЫМКЕНТ ӘКІМДІГІНДЕ 180-НАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: ШЫМКЕНТ ӘКІМДІГІНДЕ 180-НАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өтті. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аудан әкімдері мен басқарма басшыларымен бірге 180 тұрғынның өтініштері мен ұсыныстарын қарады.

 Өтініштердің басым бөлігі үймен қамтамасыз ету, қоғамдық көліктің жұмысы, білім беру, энергетика және кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне қатысты болды. Әр өтініш бойынша қажет түсіндірмелер беріліп, қосымша пысықтауды қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.

 Қабылдау қорытындысы бойынша мегаполис әкімі барлық өтінішті сапалы қарауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ, алдағы шешімдерді қабылдау барысында тұрғындардың ұсыныстары мен бастамаларын ескеруді тапсырды.