
Шымкент қаласындағы кәсіпкерлердің назарына!
Мегаполисте кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері кеңейтілді. Нақты айтқанда «Іскер Аймақ» бірыңғай бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетілетін экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі толықтырылды.
Енді кәсіпкерлер төмендегі қызмет түрлері бойынша да жеңілдетілген қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана алады;
Бұл өзгерістер кәсіпкерлерге өз жобаларын дамытуға, өндіріс пен қызмет көрсету аясын кеңейтуге және мемлекеттік қолдау құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қолдау көрсетілетін экономикалық қызмет түрлерінің толық тізімімен танысып, бағдарламаға қатысу шарттары бойынша қосымша ақпаратты «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан алуға болады.