ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАН 4,5 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАН 4,5 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласында тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және олардың тұрғын үй жағдайын жақсарту бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда.

 Бүгінгі таңда баспана кезегінде тұрған 2 865 отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алды. Оның ішінде 1 800 отбасы несиелік тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, тағы 1 065 отбасы жалға берілетін пәтерлерге ие болды

 2026 жылдың соңына дейін кезекте тұрған тағы 4 521 азаматты үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Оның ішінде 1 753 жалға берілетін пәтер және 2 768 несиелік бағдарлама аясындағы пәтер беріледі.

Осылайша, биыл іске асырылып жатқан тұрғын үй бағдарламалары аясында 7 386 кезекте тұрған азамат баспанамен қамтамасыз етіледі.

 Тұрғын үй жобаларын іске асыру Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға, азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін кезең-кезеңімен шешуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.