ШЫМКЕНТТІК СЕМСЕРЛЕСУШІ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

ШЫМКЕНТТІК СЕМСЕРЛЕСУШІ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Чемпиондар қатарында шымкенттік спортшы Никита Жулинский де бар.

Ерлік Сертай, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходовтан құралған ұлттық құрама жарыс барысында Иранды (45:27), Өзбекстанды (45:37), Оңтүстік Кореяны (45:33) жеңіп, финалда әлемдік рейтингте 2-орында тұрған Жапонияны 45:40 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетейік, Қазақстан мен Жапония құрамалары соңғы төрт жыл қатарынан Азия чемпионатының финалында кездесіп келеді. Биыл қазақстандық семсерлесушілер азулы қарсыласынан басым түсіп, құрлық чемпионы атанып отыр.