ЖАСТАРДЫҢ ЖАҢА АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ «BIR TOLQYNDA» АШЫҚ ДИАЛОГ ЖОБАСЫ ӨТТІ

ЖАСТАРДЫҢ ЖАҢА АЛАҢЫ: ШЫМКЕНТТЕ «BIR TOLQYNDA» АШЫҚ ДИАЛОГ ЖОБАСЫ ӨТТІ

Шымкентте жастардың еркін ойы мен жаңа бастамаларын біріктірген ерекше форматтағы «Bir Tolqynda» диалог алаңы ұйымдастырылды. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде өткен кездесуге 500-ге жуық жас, белсенді қоғам өкілдері, блогерлер, медиа тұлғалар мен танымал спикерлер қатысты.

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастырған жоба жастар арасында ашық пікір алмасу мәдениетін қалыптастырып, жаңа идеялар мен тәжірибе бөлісуге мүмкіндік берді. Іс-шара барысында еркін форматтағы әңгімелер өрбіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алып, түрлі көзқарастармен танысты.

Кездесудің арнайы қонақтары қатарында Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, №1 клиникалық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Позилов, «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Ескендірова, жайдарманшы әрі актер Ерболат Заркумов және өзге де блогерлер, медиа тұлғалар мен спорт саласының өкілдері болды.