
Халықаралық музейлер күніне орай өткен «Музей түні» мәдени іс-шарасы аясында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Кеш барысында өнерпаздар ұлттық және заманауи музыкалық шығармаларды орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ мәдени кеште ән мен күйден шашу шашылып, шығармашылық ұжымдардың жарқын өнері көпшілік ықыласына бөленді.
Тағылымы мол рухани шара музей кеңістігін мәдениет пен өнердің тоғысқан ортасына айналдырып, келушілерге ерекше әсер сыйлады. Мұндай игі бастамалар ұлттық мәдениетті насихаттап, халықтың рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
#МузейТүні #ХалықаралықМузейлерКүні #Мәдениет