
Еңбекші ауданы әкімдігі 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік-концерттік іс-шара өткізді. Іс-шарада шекарашылар, Төтенше жағдайлар, полиция басқармасының қызметкерлері аудан әкімдігі тарапынан марапатқа ие болып, көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.
Жиынға Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, аудан ардагерлері, құқық қорғау органы өкілдері және мектеп оқушылары қатысты.
Ерлан Миятбекұлы отанға адал қызмет етіп жүрген барша азаматтарды, құқық қорғау органы өкілдерін мерекемен құттықтап, одан әрі де абыройлы қызмет ете берулеріне тілектестігін жеткізді. Жиын барысында бірқатар қызметкерлерді аудан әкімінің “Алғыс хатымен” марапаттады. Мерекелік іс-шара одан әрі жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Сондай-ақ, мектеп оқушылары шекарашылардың дайындығы, арнайы техникаларымен танысты.