ШЫМКЕНТ: ЖАС ФЛОРИСТЕР МЕН ДИЗАЙНЕРЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ⁣⁣

ШЫМКЕНТ: ЖАС ФЛОРИСТЕР МЕН ДИЗАЙНЕРЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ⁣⁣

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде Арбат алаңында жас флористер мен дизайнерлер арасында өткен шығармашылық байқау өз мәресіне жетті.⁣⁣ Қалас тұрғындары мен қонақтарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлаған іс-шара жас таланттардың өнерін кеңінен танытуға мүмкіндік берді.

Байқауға қатысушылар флористика және дизайн бағытындағы тың идеялары мен заманауи жұмыстарын ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.⁣ Сонымен бірге, театрландырылған көріністер, концерттік бағдарлама, фотокөрмелер, суретшілер аймағы және қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Ал көрермен қауымы шығармашылыққа толы алаңда уақыт өткізіп, ерекше атмосфераның куәсі болды.⁣

Осылайша бұл байқау жас дарындарды қолдауға, шығармашылық индустрияны дамытуға және мегаполистің мәдени өмірін жандандыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.