XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ: ИРАН АРХИВТЕРІНДЕГІ ҚҰНДЫ ДЕРЕКТЕР

XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ: ИРАН АРХИВТЕРІНДЕГІ ҚҰНДЫ ДЕРЕКТЕР

Шымкент қаласында «XVIII ғасырдағы қазақ даласы: Иран архивтеріндегі құнды деректер» тақырыбында Иран Ислам Республикасының архив қорларынан алынған көне қолжазбалар мен құнды құжаттар көрмесі өтуде. Іс-шараның ашылу рәсіміне қала тұрғындарынан бөлек, тарихшылар, архив саласының мамандары мен жоғары, орта оқу орнының студенттері қатысты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, ҚР Ұлттық архиві мен Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы бірлесе ұйымдастырған көрме Иран Ислам Республикасының президенті М.Пезешкианның Қазақстан Республикасына ресми сапарының қорытындысы негізінде жүзеге асырылып отыр.

Бұл көрме – ұлтымыздың терең тарихын жаңа қырынан танытатын, өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір іспетті тағылымды бастама. Иран архивтерінен табылған сирек қолжазбалар-халқымыздың XVІІІ ғасырдағы саяси, мәдени және дипломатиялық өмірінен тың деректер ұсынатын аса құнды мұра.