
Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын талқылауға арналған кездесу өтті. Іс-шара барысында Ата Заңның басты қағидалары мен елдің болашағы үшін маңыздылығы айтылды.
Кездесу барысында қатысушылар азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ Конституцияның әрбір адамның өміріндегі рөлін жан-жақты қарастырды. Спикерлердің айтуынша, жаһандық бәсекелестік жағдайында мемлекеттің дамуын айқындайтын негізгі бағыттар — адам капиталы, білім, ғылым, мәдениет және инновация салаларын дамыту болып табылады. Толығырақ shymkala.kz сайтынан оқи аласыздар.