ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА КЕҢІНЕН НАСИХАТТАЛДЫ

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА КЕҢІНЕН НАСИХАТТАЛДЫ

Жастар ресурстық орталығында «Ұлы тұлғалар апталығы» жобасы аясында дінтанушылар, теологтар және психологтардың қатысуымен студенттерге арналған Әбу Насыр Әл-Фарабидің тарихи-танымдық еңбектерін насихаттауға бағытталған семинар-тренинг өтті.

Әбу Насыр Әл-Фараби – ортағасырлық ұлы философ, ғалым және ойшыл, ислам философиясы мен ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі. Ол Фараб (Отырар) қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби жан-жақты білім алып, философия, логика, математика, астрономия, медицина және музыка сияқты түрлі ғылым салаларын меңгерген. Философияға қосқан зор үлесі үшін оны «екінші ұстаз» деп атаған, ал «бірінші ұстаз» ретінде антикалық ойшыл Аристотель танылған.

Ғалым өз еңбектерінде кемел қоғам мен әділетті мемлекет туралы ой қозғап, билеушілер халық игілігі үшін ақылмен әрекет етуі тиіс екенін атап өткен. Сонымен қатар, білім мен тәрбиенің, адамгершілік құндылықтардың маңызын ерекше айқындаған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілі, бас имамның орынбасары, тәжірибелі дінтанушы Исламқұл Иманқұлұлы семинар қатысушыларына кеңінен мағұлмат берді. Толығырақ shymkala.kz сайтынан оқи аласыз.