
2021 жылдан бері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайын өтіп жатқан кезекті «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды.
2026 жылы республикалық деңгейде әрқайсысы 3 млн теңгеден 30 грант беріледі.
Грантқа Қазақстан Республикасының 14 пен 35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.
Грант конкурстық негізде келесі 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін беріледі:
«Ғылым»
«Мәдениет»
«Ақпараттық технологиялар»
«Бизнес»
«Медиа»
«Волонтерлік»